Country

Димаш Құдайберген желіде жақсы жаңалығын бөлісті

Jun 19, 2021 / 0 comments

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Новая волна" байқауына қатысатынын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Достар, "Новая волна" байқауына баратынымды ресми түрде растаймын. Мен оған әділқазылар алқасының мүшесі және қонақ ретінде қатысамын. Кездескенше!", – деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасында.

Қазақстанда 2 719 987 адам КВИ-ге қарсы вакцина салдырды

Jun 19, 2021 / 0 comments

Қазақстанда 19 маусымдағы мәлімет бойынша, коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 2 719 987 адам салдырды. 

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды. Сондай-ақ коронавирус инфециясына қарсы вакцинаның екінші компонентін елде 1 625 866 адам салдырды. 

Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен босатылғандардың орнына жаңа әкімдер тағайындалды

Jun 19, 2021 / 0 comments

Қазақстан президентінің тапсырмасынан кейін Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметінен босатылды. Олардың орнына кім тағайындалғаны белгілі болды. 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланғандай, Ерболат Мұратұлы Бекшенов Айыртау ауданының басшысы болып тағайындалды.

Ақтаулықтар аквапарк алдына шу шығарды

Jun 19, 2021 / 0 comments

Ақтаулықтар 15-шағын аудандағы аквапарк маңында у-шу шығарды. Адамдар демалыс орнының аумағына кіруге тырысқан. Бұл сәт видеоға түсіп қалды. Жағдайды ойын-сауық кешенінің әкімшілігі түсіндірді деп хабарлайды Lada.kz. 

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасынан жолаушы әйел көз жұмды

Jun 19, 2021 / 0 comments

Ақтөбе қаласында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан 40 жастағы жолаушы көз жұмды деп хабарлайды Polisia.kz. 

Есіл өзенінен дүйсенбі күні жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

Jun 18, 2021 / 0 comments

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар Есіл өзенінен түсініксіз жағдайда жоғалып кеткен адамның мәйітін тапты деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

14 маусым күні кешке Есіл өзенінің жағасында Бірлік ауылының 1952 жылы туған тұрғыны белгісіз жағдайда жоғалып кетті.

"Ертіс орманы" резерватынан өрт шықты

Jun 18, 2021 / 0 comments

Павлодар облысының Аққулы ауданында орналасқан "Ертіс орманы" орман қорынан өрт шықты. Төтенше жағдай туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеме жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ

Алматыда үстіне құрылыс материалдары құлаған жұмысшы тіл тартпай кетті

Jun 18, 2021 / 0 comments

Алматыдағы салынып жатқан ғимараттардың бірінде жұмысшы қайтыс болды. Оның үстіне құрылыс материалдары құлап кеткен деп хабарлайды Астана телеарнасы. 

Әйелін пышақтап өлтіріп, өзіне қол салған қостанайлықтың әрекеті жұртты шошытты

Jun 18, 2021 / 0 comments

Қостанайдың қақ ортасында ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. 

Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Jun 18, 2021 / 0 comments

Бүгін, 18 маусым күні Алматы қаласында салынып жатқан тоғыз қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Көп ұзамай пластик құбырлардың жанғаны анықталды 

Pages