Country

Павлодар облысында әйелді кішкентай екі баласымен азаптап өлтірген

Jul 12, 2021 / 0 comments

Павлодар облысы Ақсу қаласында жас әйел мен оның 5 және 7 жастағы екі баласын өлтірген қылмыскерлер іздестіріліп жатыр деп жазады Азаттық рухы. 

Басылым мәліметінше, үш адамның мәйіті 12 шілдеде сағат 11:40-та Әуезов көшесіндегі үйлердің бірінен табылған. Оқиға орнында облыстық полиция департаменті мен прокуратураның мамандары жұмыс істеп жатқаны белгілі болды.

Руслан Жанпейісов бостандыққа шықты

Jul 08, 2021 / 0 comments

Руслан Жанпейісов есімімен танымал шымкенттік блогер, қоғам белсендісі Бейбарыс Райымбеков бостандыққа шықты. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында хабарлады 

"Мен бостандықтамын", - деп жазды блогер.

Міндетті вакцинация Қазақстан Конституциясына қайшы келе ме: Министрлік жауап берді

Jul 08, 2021 / 0 comments

Еліміздің Әділет министрлігі коронавирусқа қарсы міндетті вакцинацияның қаншалықты заңды екенін айтты. Мәлімдеме ведомствоның ресми сайтында жарияланды. 

Ведомствоның мәліметінше, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында денсаулық туралы кодексте көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың бірі – профилактикалық екпелер.

Коронавирустың өршіп тұрған шағында Алматыдағы емханалардың бірінде 73 медқызметкер жұмыстан кетпек

Jul 08, 2021 / 0 comments

Алматыдағы емханалардың бірінде дәрігерлер жұмысқа шығудан үзілді-кесілді бас тартуда. Оған медициналық мекемеде әріптестер арасында туындаған жанжал себеп болып отыр. Дәрігерлердің өзара бітісе алмауы салдарынан дәл коронавирус өршіп тұрған шақта 30 мың адамға көмек көрсететін емхана дәрігерсіз қалуы мүмкін, деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған Kaskelen.kz.

Нұр-Сұлтан қаласында алдағы жексенбі күні қоғамдық көлік жүрмейді

Jul 08, 2021 / 0 comments

Нұр-Сұлтан қаласында алдағы жексенбі, яғни 11 шілде күні қалалық және қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер жүрмейді деп хабарлайды Kaskelen.kz.

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, 11 шілде күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік тоқтатылады.

Жағдайы ауыр: Алматы тауында жоғалып кеткен тұрғын табылды

Jul 08, 2021 / 0 comments

Алматы тауында жоғалып кеткен тұрғын Үлкен Алматы көлінің маңынан табылды. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда. Бұл туралы Kaskelen.kz  порталы Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Далаға апарып, түні бойы зорлаған: Балқаштық әйел жантүршігерлік оқиға туралы айтты

Jul 07, 2021 / 0 comments

Балқаш қаласының 26 жастағы тұрғыны, екі баланың анасы өзін екі ер адам зорлағанын айтты. Бұл туралы "НеМолчи.kz" қоры әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Қарағанды облысында дала өртін сөндіруге мыңға жуық адам жұмылдырылды

Jul 07, 2021 / 0 comments

Қарағанды облысында дала өрттері сөндіріліп жатыр. 7 шілдедегі жағдай бойынша 24 өрт ошағы бақылауға алынды. Оның ішінде екі дала өрті мен 14 өрт сөндірілді деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

"Өте ауыр тиді": Назарбаев Рахат Әлиев туралы айтты

Jul 07, 2021 / 0 comments

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мұхтар Әблязов пен Рахат Әлиев туралы өз ойымен бөлісті. 

Елімізде 6 шілде күні танымал режиссер Оливер Стоунның продюсерлігімен "Qazaq: history of the golden man" деректі фильмі көпшілікке жол тартты деп жазады Sputnik Қазақстан.

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған науқастар үшін тағы екі аурухана ашылды

Jul 07, 2021 / 0 comments

Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауырып жатқандардың көбеюіне байланысты қосымша екі стационар инфекциялық аурухана ретінде өзгертілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

230 төсектік қалалық психикалық денсаулық орталығы және 90 төсектік ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталі.

Pages