Country

Алматыдағы атыс: Пәтерде жасырынған күдіктіні құрықтауға арнайы жасақ араласты

Apr 24, 2021 / 0 comments

24 сәуір күні түстен кейін Алматыдағы "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінің күзетшісін жарақаттаған ер адам пәтерге жасырынды. Ол полицияға оқ атуын жалғастыруда деп хабарлайды оқиға орнынан Sputnik Қазақстан. Күзетшіге оқ атты деп күдіктелген ер адам бірнеше сағат бойы пәтерде жасырынуда. Күдікті терезеге белгісіз хабарламасы бар постер іліп қойды.

Алматының "Бұқар Жырау" кешеніндегі атыс: 15 рет оқ атылды

Apr 24, 2021 / 0 comments

Алматыдағы "Бұқар Жырау Тауэрс" кешенінде қарулы адамға қарсы полиция шабуылы басталды. Қазірге дейін оқиға орнында 15 рет оқ атылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Тәртіп сақшылары қарулы ер адамға қарсы шабуылды бастады. Куәгерлердің сөзіне сенсек, тәртіп сақшылары ер адамды қолға түсірген. Алайда бұл ақпарат әлі ресми түрде расталмады. Еске салсақ, Алматыда белгісіз ер адам "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде күзетшіге күндіз оқ атқан болатын. Жарақат алған күзетші ауруханаға жеткізілді.

БАҚ: Алматыдағы тұрғын үй кешенінде оқ жаудырған ер адам терезеден секіріп кетті

Apr 24, 2021 / 0 comments

Алматыдағы "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде оқ жаудырған ер адам терезеден секіріп кетті. Бұл туралы Sputnik Қазақстан Telegram-каналы хабарлайды. Ер адам жасырынған пәтердің терезесінен түтін шығып жатыр, пәтер өртеніп жатқаны хабарланды. Осы уақытта Qumash Telegram-каналының хабарлауынша, секірер алдында ер адам "Аллаһу әкбар" деп айқайлаған. Пәтердің 17-ші қабатта орналасқандығы атап өтілді.

Алматинский спецназ готовится штурмовать жилой комплекс

Apr 24, 2021 / 0 comments

В ЖК "Бухар Жырау" забаррикадировался преступник, он продолжает отстреливаться от полиции

Петропавл тұрғыны көлікпен Есіл өзеніне түсіп кетіп, қайтыс болды

Apr 23, 2021 / 0 comments

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар көлікпен бірге суға кеткен ер адамның денесін Есіл өзенінен алып шықты деп хабарлайды Қазақпарат. 

БҚО мәслихатының депутаты коронавирус пневмониясынан қайтыс болды

Apr 23, 2021 / 0 comments

Оралда 74 жасқа қараған шағында облыстық мәслихат депутаты Қатауолла Ашығалиев қайтыс болды. Денсаулық сақтау басқармасы оның 23 сәуір күні өмірден өткенін мәлім етті.

"8 адам зардап шекті": Атырауда автобус жантүршігерлік жол апатына түсті

Apr 23, 2021 / 0 comments

Атырауда Теңіз-Құлсары тас жолында мердігерлік ұйым жұмысшылары отырған "ПАЗ" автобусы көлік цистернасымен соқтығысып қалды. Салдарынан 8 адам зардап шеккен. Жол-көлік оқиғасына қатысты Атырау облысының полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды Kaskelen.kz.

Алматыда қарттар үйінде 2 адам коронавирустан көз жұмды: Дәрігерлер жағдайды түсіндірді

Apr 23, 2021 / 0 comments

Алматыдағы қарттар үйінде екі ер адам коронавирустан көз жұмды. Тағы бір әйел жұқпалы аурулар стационарында жатыр. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Алматыда жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып қалды

Apr 23, 2021 / 0 comments

Алматыда Mercedes 1324 жүк көлігі мен №46-автобус соқтығысып қалды деп хабарлайды zakon.kz.

Жол-көлік оқиғасы Серіков пен Қазыбаев көшелерінің қиылысында болған. Жүк көлігінің жүргізушісі Қазыбаев көшесімен оңтүстік бағытқа қарай келе жатқан. Қиылыста ол солға бұрылмақ болған. Сол уақытта Серіков көшесінің бойымен батыс бағытқа қарай жолаушылар автобусы кетіп бара жатқан. 

В Казахстане отключат ТВ и радио

Apr 23, 2021 / 0 comments

27 апреля 2021 года с 03.00 до 17.00 часов будут проводиться планово-профилактические работы с закрытием сервисов на технических средствах спутниковой, цифровой и аналоговой эфирной сетей, 

Pages